Қордай оқиғасы: неліктен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға байланысты неліктен техногендік төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ешқандай жарылыс болған жоқ. Дегенмен, өздеріңіз де көргендей, ол жерде көптеген тұрғын үй бүлініп, өрт болды. Сондықтан техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған», - деді ол.

Осы ретте БАҚ өкілдері «Қордай оқиғасы әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай ретінде есептелмей ме?» деп сұраған еді.

«Жоқ, негізінен техногендік сипатта. Себебі, біз ең алдымен, барлық тұрғын үйлерді, сауда нүктелерін қалпына келтіріп, жолдарды, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл жерде әлеуметтік сипат жоқ, негізінен техногендік сипат саналады. Республика заңына сәйкес, қаза тапқандардың отбасына, асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі», - деп жауап берді Бердібек Сапарбаев.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2020 г. 331 0