| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
Қазақ бүгінде ежелгі қазақи ырым-жоралардан алшақтап қалды ма? Бағзыдан қалған осынау құндылықтары әлі күнге сақталып келе ме?
Жалпы, қазақ өзін ежелден ырымшыл халық санайды. Өйткені, ырым-жоралар халықпен ғасырлар бойы бірге жасасып келеді. Ол салт-сана мен әдет-ғұрпымызда, тұрмыс-тіршілігімізде кеңінен көрініс тапқан.
Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа кенелтетін болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы да жорамал жасауға мүмкіндік береді. «Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе?» деген мәселенің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес.
Өзім жас кезімнен ата-әжемнен көптеген ырым-тыйымдар туралы естіп өстім. Мысалы, «Ағарғанды төкпе», «Босағаны керме», «Үлкеннің алдынан кесіп өтпе», «Түске дейін ұйықтама», «Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеме» және т.б. Осы ырым-жораларды қалтқысыз орындасақ, құндылықтарымыздың сақталары анық.
Аружан БЕКТУҒАН,
М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық
колледжінің студенті.
| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||