« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
"Лос-Анджелес Лейкерс" форварды Леброн Джеймс "Хьюстонға" қарсы матчынан (111:121) видео жариялады. Онда баскетболшы 19 жыл бұрынғы Коби Брайанттың данкын қайталаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қош келдің, бауырым. Аңыз адамдар ешқашан өлмейді", - деп жазған Джеймс Instagram-да.
Еске салайық, Коби Брайант 26 қаңтарда 13 жастағы қызымен бірге әуе апатынан қаза тапты.
Ұлттық баскетбол қауымдастығының бес дүркін чемпионымен қоштасу рәсімі 24 ақпанда өтеді. Бұл күн символдық мәнге ие: Брайант карьерасында 24-ші нөмірде өнер көрсеткен, ал оның қызы Джанна 2-ші нөміріде жасөспірімдер командалары үшін ойнаған.
Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған, ол ҰБҚ-да 20 маусым бойы "Лос-Анджелес Лейкерс" үшін ойнаған, бес рет чемпион атанған, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан, тұрақты чемпионаттың және екі рет плей-офф финалдық сериясының ең құнды ойыншысы атанған. АҚШ құрамасында баскетболшы 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |