« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Алматы облысында 14 жыл бойы іздеуде жүрген есірткі сатушы ұсталды. Ақтөбе соты 58 жастағы әйелге мемлекетаралық іздеуді 2006 жылдың ақпанында салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыскер Алматы облысы, Көксу ауданындағы Балпық би ауылында жасырын атпен тұрып келген. Ол 2005 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының, 4-бөлігі бойынша қозғалған істе күдікті болған.
"Күдікті біздің полиция базасында сақталған жедел ақпарат пен бағдар бойынша анықталды. Ұсталған адамнан саусақ іздерін алынды, олар "Папиллон" саусақ іздерін есептеу бағдарламасындағы мәліметке сай келді. Осы уақыт аралығында күдікті түрлі жалған атпен бір аймақтан екінші аймаққа көшіп жүрген. Соңғы бірнеше жыл ішінде ол отбасымен бірге Балпық би ауылында тұрғаны анықталды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің өкілдері.
Қазіргі уақытта ұсталған күдікті Ақтөбе қаласына жеткізілуі тиіс.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |