Америка ғалымдарының айға ұшып, ғарышты зерттеуінің мақсаты – осыдан 1400 жыл бұрын Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың жасаған мұғжизасын зерттеу еді. Атақты ғалым, геология ғылымдарының докторы Заглулб ән-Наджардың ойынша НАСА-ның мақсаты айдың екіге бөліну оқиғасын растайтын айғақтар табу.
Бірде ол британдық телеарналардың бірінде тележүргізуші- мен американдық НАСА ғарыш мекемесінің ғалымдары арасында болып жатқан қызу пікірталасты құлағы шалып қалады. Өзінің қызығушылығын тудырған тақырып болған соң бағдарламаны соңына дейін көреді. Сонда тележүргізуші жер бетінде әлеуметтік мәселелердің күннен-күнге артып жатқанда ғалымдардың миллиондаған шығынға батып, ғарышға сапар шегуіне қарсы екенін білдіреді. Ал Наса өкілдері болса, қаражаттың
босқа кетпегенін дамыған технологиялардың өміріміздің көптеген салаларында қолданылып жатқанын айтып ақталады. Жүздеген миллиард доллар жұмсалған жобаның бірі – Америка туын айға тігу ісі де бағдарламада қозғалды. Сонда ғалымдар : «Біз айдың ішкі құрылысын зерттеп ғажап жаңалық аштық. Бір кездері ай екіге бөлініп, содан кейін қайта қосылған екен. Айды айналдырып,оның беткі жағынан ішкі қойнауына дейін жалғасқан аномалиялық құбылысты анықтадық. Геолог ғалымдар бізге бұндай құбылыстар тек ай екіге жарылып, қайта қосылғанда болатынын айтты»,– дейді.
– Наса өкілдерінің бұл сөзін естіген сәтте орнымнан қалай тұрып кеткенімді білмеймін. «Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың 1400 жыл бұрын жасаған кереметін қазіргі таңда американдықтар жүздеген миллиард доллар жасап, оның рас-өтірігін анықтау үшін зерттеу жүргізуде,– деп таңданысын жасыра алмайды. Міне, содан кейін ол ислам дінін қабылдап, мұсылман болған екен. Қазір 78 жастағы ғалым Англияда ислам экономикасы туралы тақырыпта лецциялар оқып, сабақ береді.