Нұр-Сұлтанда IV QAZFORUM 2020 конференциясы өтуде

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында IV QAZFORUM 2020 конференциясы өтіп жатыр. Бұл туралы «Kyzylorda-news» ақпараттық агенттігінің тілшісі Фариза Омарова елордадан хабарлады.

ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастырған дәстүрлі шара қазақ тілді онлайн-медианы дамыту мәселелеріне арналған.

Жыл сайын форумға қазақ тілді БАҚ өкілдері, блогерлер мен сайттардың бас редакторлары қатысады. Олар жергілікті және шетелдік спикерлерден кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасатын болады.

Бүгінгі форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналды. Форумның тақырыбы – «Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты». Онда қазақтілді БАҚ дамуының жаңа тенденциялары талқылаланады деп күтілуде.

Айта кетейік, IV QAZFORUM шымылдығын АҚШ елшісі Уильям Мозер ашты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2020 г. 323 0