Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында өткен қазақ күресінен 2005-2006 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында ел біріншілігінде қызылордалық балуандар бес медаль алды.
Сыр өңірінен барған спортшылар 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Нәтижесінде қызылордалықтар жалпы командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Облыстың жасөспірімдер құрамасын Берік Қасымбеков бастап барды.
Ел біріншілігінде Мейіржан Ержігіт (42 келі) және Мұхамеджан Бейсенбай (75 келі) алтыннан алқа тақты.
Екеуі де финалда Түркістан облысы балуандарының жауырын жерге тигізді.
Ал 55 келіде Мұрат Тілекжан мен 75 келіден жоғары салмақта Мақсат Елеусинов күміс алса, 38 келіде Мырзабек Мұстафаев қола жүлдеге қол созды.
Ә.ТАЛАПТАН.