Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды

 5 ақпанда Мәскеуде Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар кенеттен қайтыс болды, - деп хабарлайды 24.kg.

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмаған. 

Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президентінің төрт баласы бар - Бермет, Айдар, Саадат және Илим. Бермет пен Айдар Ақаева Жогарку Кенеште дауысқа түсіп, "Алға Қырғызстан" билік партиясынан депутаттық мандаттарды алды. Осы жағдайдан кейін елде наразылық шаралары күшейе бастаған. 2005 жылы 24 наурызда "Ақ үйді" басып алу арқылы аяқталған митингілер нәтижесінде Асқар Ақаевты тақтан тайдырды. Ол Қырғызстаннан отбасымен қашып кетті.

Айдар Ақаев үйленген. Үш баласы бар. Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшіп келгеннен кейін Айдар кәсіппен айналысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2020 г. 682 0