Дария деңгейі: қыс бойы өзен бетінде мұз қатқан жоқ

Судан келер қауіп жоқ. Облыс бойынша барлық бөгет бақылауда, - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Көксарай су реттегіші 300 текше метр су қабылдаса, қалған 100 текше метр су дария бойымен Қызылорда аумағына келуде. Бұл көрсеткіш өткен жылдарға қарағанда едәуір төмен. Тіпті, өңірдің оңтүстік аймақтарында қыс бойы өзен бетінде мұз қатпағаны көңілге демеу болып отыр.

– Қауіп жоқ дегенімізбен, жоспарға сәйкес халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өйткені табиғаттың тосын сыйына дайын болуымыз керек. Сырдария өзеніне жақын қауіпті 56 аймақ белгіленген. Онда 174 мыңға жуық тұрғын және 250 мыңнан аса үй жануар бар. Қауіп төнген жағдайда облыс көлемінде 89 эвакуациялық қабылдау және 101 эвакуациялық жинақтау пункті белгіленген. Дегенмен, азаматтық қорғау күш-құралдары арнайы штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастырып, дайындық деңгейлерін пысықтауда, - деді С.Молдақараев.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2020 г. 468 0