« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланып, халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін дайындық жұмыстары да басталып кетті. Бұл Абай мұрасын зерделеп, ұрпақ тәрбиелеуде, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуға үлкен септігін тигізеді.
Екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Музейде бұрыш ашылып, «Өлең сөздің патшасы» атты кітап және музей қорындағы тұрмыстық заттар көрмелері қойылды. Мектеп оқушыларына «Тұғыры биік тұлға» атты лекция оқылып, «Әлем таныған – Абай» атты іс-шара, «Түнгі музей» ұйымдастырылды. Ауылдағы сурет үйірмесіне қатысушы оқушылар Абайдың жыл мезгіліне арнаған өлеңдерін суретпен бейнелеп, сайысқа түсті, қара сөздерін жатқа айтып, әндерін орындады. Бұл өлеңдер мен қара сөздердегі ұлт болмысы, бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымызға зор үлес қосады. Ой-тұжырымдары баршамызға қашан да рухани азық бола алады. Оны өсіп келе жатқан жас ұрпаққа насихаттау – борышымыз.
Аягөз ЖАХАЕВА,
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру
тарихы музейінің қор сақтаушысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |