Ресейлік жанұяның Тәжікстанға жасаған сапары қайғылы жағдаймен аяқталуға сәл қалды. Себебі, Қызылорда тас жолында ерлі-зайыптылар байқаусызда 9 жастағы ұлын үмытып кеткен деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ.
1 ақпан күні түнгі сағат 23:00 шамасында Қызылорда облысындағы тас жолдан бір бала табылды. 9 жастағы мектеп оқушысын тәртіп сақшылары байқап қалған. Бұл туралы мәліметті Polisia.kz ресми құқық қорғау ресурсы таратты.
Баламен сөйлесу барысында тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасымен бірге жолға шыққанын анықтады. 9 жастағы мектеп оқушысының айтуынша, ол көлікте ұйықтап, бір жерге тоқтағанда ғана оянған. Көлікте ешкім жоқ екенін көрген бала дәретханаға баруды жөн көріпті.
Осы уақытта ерлі-зайыптылар жеке транспортарына қайта отырып, әрі қарай аттана берген. Ал ұлдары ата-анасының артынан айқайлап қала берді. Олар ұлы көліктің артында ұйықтап отыр деп ойлапты. Ерлі-зайыптылар ұлдарының жоғалғаны туралы көлігін полиция тоқтатқан уақытта ғана білген.
Сондай-ақ, бұл жанұяның Ресейден екендігі және Тәжікстанға бара жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жолда қалған баланың және ерлі-зайыптылардың туыстық қатынастарын растайтын құжаттарды тексерді.