Шиелі ауданында "Мәңгілік ел алыптары" республикалық рухани-патриоттық байқауы өтіп, «Арман» мәдениет үйінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, "Қолөнер" номинациясы бойынша Айжан Бекжаппарова Grand Prix дипломымен марапатталып, "Жеті өнер" шығармашылық орталығының биыл 7-10мамыр аралығында болатын халықаралық байқауына қатысуға жолдама алды. Ал Гаухар Жұманазарова I-орынды, "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша Айзере Құралбаева II-орынды жеңіп алса, «Сырлы бояу - шебер» үйірмесінің жетекшісі Зухра Баймырзаева «Үздік педагог», «Шығармашыл педагог» дипломымен марапатталды.
«Көркем сөз» номинациясы бойынша Нұрай Ешпанова Grand Prix дипломымен марапатталып ол да «Жеті өнер» шығармашылық орталығының биыл 7-10 мамыр аралығында болатын халықаралық байқауына қатысуға жолдама алса, жетекшісі Айгерім Әлмахан «Үздік педагог» дипломымен марапатталды.
«Би өнері» номинациясы бойынша жоғары дәрежелі дипломмен «Арман» би тобы үздік шығып, жетекшісі Римма Ералы «Үздік педагог» дипломын иеленді. Сонымен бірге «Ішекті аспаптар», «Эстрада вокал» номинациялары бойынша да үздіктер анықталып, оларға да арнайы дипломдар табысталды.
«СБ» ақпарат.