Қазақстанда білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақстанда білім гранты иегерлерінің тізімі жарияландыҚазақстанда білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. 2014-2015 оқу жылына жалпы 34 165 грант бөлінді, деп хабарлайды Казахстанская правда.
Оның ішінде 2530 орын – ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде білім алу үшін, 31 635 грант – 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі – 31 135, сырттай – 500 грант), 12 600 – техникалық ғылым мен технологиялар саласына, 5 864 орын – педагогикалық мамандықтар үшін, 2 670 орын – ауыл шаруашылығы мен ветериналық ғылымға.
Білім берудің қысқартылған бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін колледж түлектері үшін 2 875 грант бөлініп отыр.
Сондай-ақ БҒМ-дан білім беру гранттарын тапсыру конкурсына 69 624 адам қатысқанын хабарлады. Қатысушылардың арасында: 1732 «Алтын белгі» иегері, Назарбаев зияткерлік мектебінің 322 түлегі, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың 179 жеңімпазы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың 921 жеңімпазы, халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың 921 жеңімпазы. Олар білім гранттарын тапсыруда ерекше мүмкіндіктерге ие.
Талапкерлердің белгілі санаттары үшін қабылдауда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, ауылды әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін қажетті мамандықтарға түсуші ауыл жастарына – 30%; I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек боп туылған балалар үшін – 1%; соғысқа қатысқан немесе соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін – 0,5%; Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақтар үшін – 2%; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%.

2014 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі

Все права защищены.

При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.

При использовании материалов BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 тамыз 2014 г. 1 458 0