Бұл шара Қорқыт мұраларын насихаттауға арналған 5 жылдық кешенді іс-шаралар жоспары аясында қолға алынған. Ансамбль Қызылорда облыстық филармониясын жанынан құрылды.
Биылғы жылдың қаңтар айында облыстық филармониясы көркемдік кеңесінің тыңдауы өткізілді. Ансамбль ақпан айының алғашқы күнінен өз жұмысын бастап кетті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, қобызшы Салтанат Пұсырманова.
Бұл жөнінде Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрінің және Ақмешіт фольклорлық этнографиялық ансамблінің әртісі Тоқтар Ағыраев былтыр облыс әкімінің блогына «Сыр өңірінде қобыз үйірмесі ашылса» деген сауал жолдаған еді. Оған тиісті жауап қайтарылған.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы мен облыстың барлық ауданында қобыз үйірмелері жұмыс жасап келеді. Сыр өңірінің аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында барлығы 14 қобыз үйірмесі жас өрендерге тәлім беріп отыр.