Тауар таңбасын пайдаланғандар жауапкершілікке тартылды

Облыстық  Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі бірқатар сауда орындарына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында, сауда орындарының бірінен құқық иегерінің келісімінсіз «Бондюэль» тауар таңбасын пайдалану бойынша құқық бұзушылық анықталды. Осы негізде кәсіпкреге ҚР ӘҚБтК 158 бабымен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Нәтижесінде Қызылорда қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен құқық бұзушыға айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді.
– Сатуға ұсынылатын тауардың түпнұсқалық куәлігі, тауардың шығу тегін растайтын және сәйкесінше құжаттары болуы тиіс. Себебі, кез келген кәсіпкер өзгенің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деді облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің басшысы Шахарбан Бегежанова.  
Айта кету керек, бөтен тауар таңбасын заңсыз пайдалану – қоғамда шағын және орта бизнестің дамуына тосқауыл болатын қауіпті құбылыс. Сондықтан да әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолдануы тиіс. 

Облыстық  Әділет департаменті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2020 г. 582 0