Жасөспірім адам өлтіргені үшін күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды
polisia.kz порталы.
Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала адам өлтірді деген күдікке ілінді. 2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Көз жұмған адамның кәмелет жасына толмағаны анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сəйкес жария етілмейді.