Жылу құбырына қыстырылып қалған

Өткен сәрсенбіде Амангелді және Бөкейханов көшелерінің қиылысында оқыс жағдай орын алды. Көше бойындағы жылу құбырына қыстырылып қалған адамға жедел-құтқару жасағы көмек көрсетті.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен бойда дереу жылу құбырының ортасына қыстырылған адамды шығару әрекетіне кіріскен. Сұрастыру барысында 46 жастағы зардап шеккен азаматтың ішімдік ішкені және үй-күйсіз екені анықталған. Оған бір техника мен 5 құтқарушы көмек көрсетті.
Мамандар арнайы құралдар көмегімен темірді кесіп, адамды он минуттың ішінде сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2020 г. 608 0