Биыл Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толады

2020 жылдың 2 маусымында Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

1955 жылдың 12 ақпанында СССР Қорғаныс министрлігінің №5 ғылыми-зерттеу сынақ полигонын құру туралы қаулы жарияланды. Бірақ Байқоңырдың негізі қаланған дата ретінде полигонның ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы бекітілген – 1955 жылдың 2 маусымы белгіленді. Байқоңырда ғарыш кешенінің 65 жылдығы кеңінен атап өтілетіні жоспарлануда. Жердің тұңғыш ғарыш айлағының тарихшылары атаулы датаға дайындықты алғашқы болып бастады. 
Мерейтойға орай Байқоңыр космодромы тарихының музейі өзінің сайтында ардагерлердің естеліктерін жариялап отыру акциясын бастады. «Қалашықтың құрылуы» атты бірінші мақала Лия Молокованың естеліктеріне арналды. 
«Келешек космодромның құрылысы қатаң құпияда сақталды. Сондықтан космодромның және құрылып жатқан ауылдың атауы әртүрлі кезеңде түрліше аталды: «Тайга» ауданы, Мәскеу-400, Ташкент-90 (құрылысшылар үшін), Қызыл-Орда-50 (ғарышкерлер үшін). Осы мекенжайлар бойынша әскери құрылысшылар және мамандар, офицерлердің отбасылары, қызмет көрсетуші персонал (аспаз, сатушы, даяшылар) келіп жатты. Осы мекенжайлар бойынша әскери бөлімшелерге және ауыл тұрғындарына хаттар жеткізілді», - деп жазады ардагер.

Оның айтуынша, Ленинск кентінде (1958-1966 жылдар аралығындағы атауы) билік әскери қызметшілердің қолында болды. Тазалықты солдаттар жүргізді. Сондықтан көшеде әрдайым мінсіз тазалық еді. Тарихи акцияның ұйымдастырушылары Байқоңыр тарихын адамдардың естеліктерімен толықтыруды көздейді. Қалалық музей қызметкерлері «бұл, сүйікті қала үшін жақсы сыйлық болатынына» сенімді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2020 г. 589 0