Синоптиктер елімізде ақпан айында ауа райы қандай болатыны жөнінде болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. «Ақпан айының басында Атлант мұхиты аймағынан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар алдымен батыста, одан кейін Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынның түсуіне, тұман және көктайғақ қалыптасуына әкеп соғады», делінген хабарламада. 6-8 ақпан аралығында солтүстік және шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран соғады. Жел 15-25 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар, Иран аудандарынан жылы ауа массасының келуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады: батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8°С-тан 0-5°С-дейін, кей жерлерде +3, күндіз 0-5°С-тан 0+7°С-дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28°С-тан 0-10°С- дейін, күндіз -8-15°С-тан -3+2°С-дейін, кей жерлерде -6°С, оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 0-8, кей жерлерде -13°С-тан -3+2°С- дейін, күндіз +2+7°С-тан +5+12°С-дейін. Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік бөлігінде түнде -10-20°С дейін, күндіз -5-13°С-дейін, оңтүстік бөлігінде түнде -3-13°С дейін, күндіз 0-7°С- дейін. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуы болжанады, онда ашық аязды күндер жиі жылы және жауын-шашынды күндермен алмасады. Осылайша, орташа айлық ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, тек батыста – климаттық көрсеткіш қалыпты шамада күтіледі. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, ал қалған аймақтарда норма шамасында күтіледі. әБолжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай, елеулі түзетулерге ұшырауы мүмкін консультативтік сипатқа ие екенін атап өткен жөн», дейді синоптиктер.