Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шпекбаевтың айтауынша, мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданған. "Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады", - деді ол. Шпекбаев сыйақы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгеге жететінін айтты.