Шиелі аудандық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл «Сыр ұланы» жазғы тынығу лагеріне 5 ауысым бойынша 110 баладан 550 бала демалады. Жазғы сауықтыру лагерлеріне бірінші кезекте жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасы балалары және құқық бұзушылықпен есепке алынған және қолайсыз отбасының оқушылары қамтылуда.
Жазғы демалыс кезінде мектептен тыс мекемелерде арнайы «Жаз-2014» атты бағдарлама бойынша 6 үйірме жұмыс жасайды. Оған 700 оқушы қамтылуда.
Сонымен қатар облыс әкімінің қолдауымен Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» лагеріне – 16, Алматы қаласындағы «Тау Жаңашар» лагеріне – 74, Шымкент қаласындағы «Таң нұры» лагеріне - 23 бала қамтылса, жергілікті бюджеттен Жаңақорған ауданындағы «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына» 264 балаға 3 млн 168 мың теңге қаралса, Астана қаласына саяхатқа 46 балаға 1 млн 163 мың теңге қаралды.