Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар жəне қыздар арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Ел біріншілігінен қызылордалық спортшылар табысты оралды.
Сыр өңірінің зілтеміршілері бұл бәсекеден 6 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль алып қайтты. Жалпы командалық есепте қызылордалық ұлдар құрамасы бірінші орын алды.
Жекелей есепте Таисия Алексеева, Алтынай Тәңірбергенова, Русалина Муликова, Əлфараби Жауынтаев, Шахизат Абдрахманов, Бақдәулет Камал Қазақстан чемпионы атанды. Ал Таңшолпан Каюпова, Нұрай Балжігіт, Дінмұхаммед Данышпан, Дəуірбек
Аймырза күміс, Аянат Жұмағали қола жүлдеге ие болды.