Былтыр ақпанда қаласының тұрғыны К.М «WhatsApp» желісі арқылы «Миллион инвест» чаты арқылы қаржылық пирамида құрып, оған басшылық етіп, бірнеше рет, аса ірі мөлшердегі (57 707 177 теңге) ақшаны тарта отырып, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Нәтижесінде, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Сот процесінде күдікті өзі жасаған қылмыстық іс әрекетін толық мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге өндіруде.
23 желтоқсан 2019 жылғы Қызылорда қалалық №2 сот шешімімен айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Бүгінгі күні соттың үкімі заңды күшіне енді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі