« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашовтың халық алдындағы есепті кездесуі өтті. Оған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, басқарма басшылары, аудан тұрғындары қатысты.
Уран, полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленіп, өнеркәсіп саласын қалыптастырған аудан қазір кәсіпкерлікті дамытуға күш салуда. Бүгінде кен өндіру саласында 10 мекеме жұмыс жасаса, оның екеуі шетелдіктердің қатысуымен уран өндіреді. Ал бизнес бастаймын деген жұртшылыққа жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы аясында жасалған жұмыстар үлкен қолдау болды.
– Өткен жылдың 1 қаңтарында 3952 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1 желтоқсанында 4677-ге жетті. Оның 4500-і белсенді кәсіпкерлік нысанын құрайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі – 96,2 процент. Мұнда жұмыспен қамтылған адамдар саны – 6912 адамға жетіп, 28865 млн теңгенің өнімі өндіріліп, түрлі қызмет көрсетті. Тұрғындар арасында жеке бизнестің тиімділігін түсініп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттілер саны артып келеді. Оны мемлекеттік бағдармаларға қатысушылар санының артуынан көруге болады. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биыл 90 адамды оқыту жоспарланса, бүгінде 210 адам оқып, сертификат алды, – деді С.Мақашов.
Аудан бойынша индустриялық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық индустрияландыру картасына 1, өңірлік индустрияландыру картасына 1 жоба енгізілген. Айталық, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ кен байыту фабрикасын салу жұмыстарын іске асырса, «Қызылорда AGROPlus» ЖШС томат пастасын өндіру жобасын қолға алмақ. Осы мақсатта Бесарық өңірінен 2995 гектар жер рәсімделген.
Жиында аудан басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды да атап өтті. Осы жылы «Орда-Сығанақ» ЖШС шипажайы толық іске қосылып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде В санаттағы «Жан-Арай» ЖШС жол бойы қызмет көрсету кешені іске қосылады.
Ауданда агро өнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Былтыр егіс науқанына дейін үлкен «Келінтөбе» магистралды каналы (КМК) сағасынан 12, «Сумағар» каналы 17, «Сунақата» магистралды каналынан 5 шақырым толық тазаланды.
Мал шаруашылығында қарқынды өсім бар. Айта кетейік, биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша мүйізді ірі қара өткен жылмен салыстырғанда 101,7 процентке өскен. Мұнан өзге де мал басы бойынша осындай өсім байқалады.
Көп ұзамай Жаңақорғанда бірнеше жаңа білім нысаны пайдалануға берілмек. Аудан әкімі Жаңақорған кентінде 600 орындық №169 орта мектептің құрылысы басталғанын, биыл «Май бекеті» шағын ауданынан 300 орындық мектеп бой көтеретінін, ал Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектепті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізу үшін жоба әзірлеуге келісім жасалғанын айтты. Сондай-ақ, Шалқия кентіндегі №86 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілмек.
Жаңақорғанда Жастар жылы аясында бүгінгі буынды кәсіпкерлікке бейімдеу жұмыстарынан бөлек, ауыз толтырып айтарлықтай шаралар ұйымдастырылды. Айталық, Ақүйік ауылдық округінде облыстық жастар слеті, Бесарықта «Жастар Отанға» атты республикалық жастар лагері өтіп, шара креативті идеяларды талқылау алаңына айналды. Бүгінде ауданда құрылған «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобы да елге белгілі. Қайтарым күтпестен жақсылық жасайтын жүзге жуық адамды біріктірген топ тұрақты түрде 5 бағытта жұмыс атқарады. Еңбектің ескерусіз қалмайтыны анық, былтыр еріктілер тобы «Жылдың үздік ұйымы» атанды.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |