Қазақстан өңірлерінде алдағы үш күнде 30 градусқа дейін суық болады

Қазақстандық ауа райы қызметінің мамандары 1 ақпанға дейін үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Олардың сөзінше, алдағы күндері қатты аяз тұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Атлант мұхитынан келген жылы циклондар батысқа қарай шегінді, олардың орнына Орал аумағынан үлкен және өте суық антициклон келді.
Бұл алдағы күндері республиканың басым бөлігінде температура айтарлықтай төмендейді, бірақ мөлшерінен көп жауын-шашын тоқтайды деген сөз.
Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстанда түнде қатты аяз болады. Термометрдің бағандары көптеген аймақтарда -25 -30 градусқа дейін, ал кейбір аудандарда -35 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік Қазақстан мен оңтүстік-шығыс облыста суық ауа райы аса қатты сезілмейді. Негізінен температура 5-10 градусқа дейін төмендейді, алайда кей жерлерде 13- мен -22 градустан төмен болуы мүмкін.
Қатты жел, жаңбыр әкелетін жылы фронттар Қазақстанның батыс аймақтарына ауысады, сондықтан тұрғындар жоғарыда айтылған ауа-райына дайын болуы керек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2020 г. 384 0