Коронавирус дерті өршіді: ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізетін болды

Өлімге әкелетін коронавирусты жұқтырған науқастардың тез өсуіне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс өткізу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарлама ұйымның ресми сайтында жарыққа шықты. Онда кездесу бүгін, 30 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Жиналысқа денсаулық сақтауды реттеу жөніндегі халықаралық комитеттің мүшелері қатысады.

Отырыс коронавирустың белең алуына байланысты ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Жиналыс барысында комитет өкілдері дерттің халықаралық деңгейдегі төтенше сипаты мен вируспен күресу үшін қандай шаралар қолдану керектігін айту керек деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар - жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2020 г. 505 0