Арал ауданында мектеп салу кезінде 80 млн теңге жымқырылған

Арал ауданында мектеп салу кезінде 80 млн теңге жымқырылғанҚызылорда облысы Арал ауданында ауыл мектебін салу барысында ондаған миллион теңге жымқырылған, деп хабарлайды BNews.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Облыс прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша Арал ауданы Тоқабай ауылында мектеп салу кезінде бюджет қаражатын жымқыруға байланысты ҚР ҚК 176 бабы 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, 140 орындық шағын мектепті салу кезінде мердігер компанияның қызметкерлері шамамен 81 миллион теңгені қымқырған. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 тамыз 2014 г. 972 0