« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шардарадан түскен суды облыс аумағындағы Сырдария өзенінен қауіпсіз өткізу күн тәртібінде тұр. Осы мақсатта Төтенше жағдайлар департаменті «Казгидромет» РМК және «Қазсушар» РМК өңірдегі филиалдарынан өзендегі судың деңгейі мен ауа райы турасындағы мониторинг жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл ретте құрылған арнайы мобильді топ мәселенің жай-күйін «дөңгелек үстелде» талқылады.
Облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық құрылымдарынан құрылған жедел топ жұмыс істейді. Ол 2020 жылдың көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған құрал-саймандармен жабдықталды. Тосыннан келер апатқа қарсы тойтарыс беруге сақадай-сай.
Айта кетейік, облыс аумағында су тасқыны жағдайы қиындағанда ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің резервінен Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан барлығы 539 адам, 61 бірлік техника қосымша жұмылдырылады деп күтілуде. Су тасқыны кезінде тұрғындарды көшіруге арналған 86 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайын.
«Қызылорда қаласы мен аудандардың аумағында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығудың іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығы» қабылданған. Осы құжат бойынша төтеншеліктер Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың тасқын суға қарсы іс-шараларға қатысатын күш-құралдарының дайындық жағдайын тексерді.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |