Сеул қаласындағы Каннам университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Ким Фил Янг бастаған оңтүстіккореялық 20 студент Қармақшы ауданындағы ІІІ-Интернационал ауылына ат басын тіреді, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі "Сыр бойы" газетінің интернет сайты тілшісіне.
Оңтүстік Кореядан келген қонақтар ауылдағы кәрістермен және басқа да ұлт өкілдерімен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысты. Олар елдімекендегі ұлттардың бірлігі мен татулығына дән риза болды.
Сондай-ақ сеулдіктер Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хактың ескерткішіне зиярат етіп, гүл шоқтарын қойды. Цай Ден Хактің мұражайына кіріп, оның ұзақ жылдар бойғы жасаған еңбегі мен ел басқару ісіндегі тәжірибесімен танысты. Қонақтармен бірге облыстық түрік этно-мәдени бірлестігінң төрайымы Гейдарова Гульчин Ансерқызы мен Қорқыт ата мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Кеншінбай Темірболат Ыбырайұлы болды.