Адасып қалған

Өткен жұмада түнгі сағат 00.45-те Қазалы полиция бөлімі кезекші бөлімшесіне аудан тұрғыны шағым түсірді. Ол оның әкесі, қасында жеңгесі, 5 және 3-жастағы екі немересімен бірге Абай ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан "Жұбан" елді-мекенінде орналасқан мал шаруашылығынан "УАЗ" автокөлігімен шығып аудан орталығына қайтып оралмағаны туралы хабарлады.
Келіп түскен ақпарат негізінде 2 жедел-іздестіру тобы құрылып, полиция қызметкерлері дереу жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге кірісті.
Қазалы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерінің түні бойы уақытпен санаспай, қырағылық танытып, өз қызметтік міндеттерін адал атқару барысында, таңғы сағат 7-де Қуан ауылынан оңтүстікке қарай шамамен 250 шақырым жерде жоғалып кеткен тұрғындар табылды.
Анықталғандай, ауа-райының күрт өзгеріп нашарлауына байланысты олар жолды көрмей, бағытынан адасып қалып, жаурап қалған. Полиция қызметкерлері барлық жоғалған адамдарды тірі және дін-аман үйіне жеткізді.
Аман-есен қайтарылған отбасы Қазалы ауданының тұрғыны Әлия Мұқанғалиева барлығын құтқарғаны үшін полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді.
Облыс аумағында қолайсыз ауа – райы сақталуда. Жолдардағы желдің ұйытқуы, көктайғақ барлық жол қозғалыс қатысушылары үшін қауіпті. Осыған орай, тәртіп сақшылары қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеді. Төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және алдын алу шараларын күшейту мақсатында полицейлер облыс тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2020 г. 502 0