Бүгінде екінің бірі «inDriver» қосымшасы арқылы такси қызметін пайдаланады десек артық емес. Бағаны жолаушы ұсынатын болғандықтан бұл қызмет түрі жоғары сұранысқа ие. Елімізде 2014 жылы жұмыс жасай бастаған ресейлік қосымшаның қазірде дүниенің түкпір-түкпірінде 44 миллионнан астам қолданушысы бар. Жылдық табысы 300 млн доллар болған мұндай «ақылды» қосымшаны ойлап тапқан данышпан кім?
2012 жылы ресейде жаңажылдық мереке қарсаңында ауа-райының күрт төмендеп кетуі такси қызметінің өсуіне себеп болады. Жолақыны екі есеге өсіріп жіберуі тұрғындардың наразылығын тудырады. Міне, сол кезде Якутск қаласының бірнеше белсенділері «Вконтакте» желісінде «тәуелсіз жүргізушілер қауымдастығы» атты топ құрып, онда жолаушы баратын жерінің ақысын өзі қояды. Жүргізушілер сол бағаға сәйкес жолаушыларды тасымалдай бастаған. Небәрі 6 айдың ішінде 60 мың адам топқа кіріп, оның игілігін көргендерін айтады. Міне, осы идеяның тез арада үлкен сұранысқа ие болуы смартфондарға арналған «inDriver» қосымшасын жасап шығаруға алып келді. Идея авторы – кәсіпкер Арсен Томский. Өмір қажеттілігінен туындаған бұл қызмет түрін әлемнің 31 елі пайдаланады екен.
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ.