«Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисі, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда, 100-ден аса қызметкерлер қатысып, үздіктер анықталды.
Жарыс қорытындысында финалда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыс əкімдігі командасынан 5:4 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
Ал Жалағаш ауданының құрама командасы үшінші орынды иеленді.
Қызылорда қаласының жəне Жалағаш ауданының құрметті азаматы Қожахмет Баймаханов өзінің арнайы сыйлығын Жалағаш ауданы командасының ойыншысы Ақылбек Сəндібековке табыстады.
«Үздік қақпашы» номинациясымен Əсет Өскенбаев (Облыс əкімдігі), «Үздік қорғаушы» - Қалдыбек Қиясов (ҚМУ), «Үздік шабуылшы» - Бекжан Бекмырза (Жалағаш ауданы), "Мерген ойыншы" - Мұхтар Қоштай (Қазынашылық департаменті), «Үздік ойыншы» - Нұржау Бостанов (Экономикалық тергеу департаменті) марапатталды.