Кәсіпкерлерге арналған семинар

Қызылорда. Қала әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп кәсіпкерлікті қолдау, осы бағыттағы әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында ақпараттық семинар өткізді. Шараға қалалық дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, прокуратура қызметкерлері және кәсіпкерлер қатысты.
Елбасының тікелей бастамасымен жүргізіліп жатқан  бағдарламалары, қазақстандық қамтуды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді төмендету бағытында жұмыстар Қызылорда қаласында да нәтижелі жүзеге асырылуда. Бизнесті қолдау, оның ішінде ауыл кәсіпкерлерінің әлеуетін көтеру бағытындағы «Үдемелі индустриялдық–инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы-2020», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша қалада жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Семинарда қала әкімінің орынбасары Нұржан Ахатов бизнес өкілдеріне қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 4 млрд 374 млн теңге құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 889 жұмыс орындары ашылғандығын жеткізді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылға республикалық бюджеттен 267,0 млн теңге бөлініп, жыл аяғына дейін 105 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылатын болады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2013 г. 1 155 0