Демалыс күндеріне қалың қар түседі - Қазгидромет

 Синоптиктер 2020 жылғы 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Бір циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып, кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді. Соған байланысты тағы да қар жауады, кей жерлерде қалың қар түседі, көріну қашықтығы 50.. .200 метрге дейін нашарлап боран соғады, сондай-ақ дауылды жел ұйытқиды», делінген болжамда.

Оңтүстікте және батыста жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болжанады. Ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте оның көрсеткіші көпжылдық орташа мәннен 4...10°С жоғары болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2020 г. 503 0