« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктерін анықтайтын жаңа ережелер әзірледі, деп хабарлайды Dalanews.kz. Құжат талқыға салыну үшін көпшіліктің назарына ұсынылды.
Ережелер бес және алты күндік жұмыс аптасы режимін қамтиды.
Мәселен, ережелер жобасында білім беру ұйымдары қолда бар материалдық, техникалық және кадрлық ресурстарға байланысты бес және алты күндік жұмыс аптасын белгілей алады.
– Бес күндік жұмыс аптасы мұғалімдердің нақты жүктемесін, тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жоспарын, сондай-ақ оқытуды ұйымдастыру әдісін ескере отырып белгіленеді. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерінде тәрбие жұмысының жоспары, оқу жоспары, кезекшілік кестесі, сондай-ақ білім беруді ұйымдастырудың әдісін ескере отырып, барлық мұғалімдер үшін, сондай-ақ жекелеген мұғалімдер үшін бес күндік жұмыс аптасы қарастырылуы мүмкін, делінген құжатта.
Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін сенбі және жексенбі – демалыс, алты күндік жұмыс аптасы үшін бір күн – жексенбі.
Мұғалімдердің жұмыс уақытына лауазымына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының түрлеріне байланысты мыналар кіреді: оқыту, тәрбие жұмыстары, оқушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ қызметтік міндеттерде немесе жеке жоспарда қарастырылған басқа да педагогикалық жұмыстар, оқушылармен өткізілетін оқыту, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және басқа шаралар жоспарларын орындау.
Білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, басқа да аға қызметкерлердің жұмыс уақыты білім беру ұйымдарының қызметіне басшылық жасау қажеттілігін ескере отырып белгіленеді.
Демалу мен тамақтануға үзіліс уақыты, сондай-ақ ауысым кестесі, демалыс және мерекелік демалыс күндері білім беруді ұйымдастырудың түрлерін ескере отырып, ішкі ережелермен белгіленеді.
– Жұмыс беруші мұғалімдерге оқушылармен бір уақытта, сондай-ақ сабақ арасындағы үзілістер кезінде жұмыс уақытында демалу және тамақтану мүмкіндігін береді. Тынығу және тамақтану уақыты ішкі ережелермен белгіленеді, ал түскі үзіліс 30 минуттан кем болмауы керек, – делінген ережеде.
Мұғалімдердің кезекшілігі сабақ басталардан 20 минут бұрын басталып, сабақ аяқталғаннан кейін 20 минуттан аспауы керек.
Бұл ретте мұғалімдер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы (жалақы мөлшерлемесі бойынша педагогикалық жұмыс сағаттарының нормасы) аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы негізінде белгіленеді.
Сабақ кестесі мұғалімдердің жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып жасалады, бірақ сабақтар арасындағы ұзақ үзілістерге жол бермейді.
Мұғалім сабақтан бос уақыттын өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Ақылы еңбек демалысын берудегі басымдық жыл сайын күнтізбелік жыл басынан он күннен кешіктірмей білім беру ұйымының басшысы бекіткен демалыс кестесіне сәйкес айқындалады.
Келесі қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалысын жазда немесе өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта алуға басымдығы бар:
– кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа толмаған) жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналар (қамқоршылар);
– үш және одан да көп баласы бар әйелдер;
– еңбек жарақатын алған жұмысшылар;
– емделуге жолдамасы бар кез-келген қызметкер.
Қоғамдық талқылау 2020 жылдың 3 ақпанына дейін жалғасады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |