« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Елімізге әкелінген мұндай автомобильдердің көпшілігі тіркеуге қойылмайды. Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға байланысты құқықтық баға беруді тапсырамын. Аталған мәселені шешу үшін Үкімет Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автомобильдерді бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл автокөліктерді тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады», – деді Президент Қ.Тоқаев.
Бұл ретте мемлекет басшысы азаматтардың тіркеу алымдары мен мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс екенін баса айтты. Уақытша тіркеу автомобильдердің меншік құқығынан шығарылмай, басқа тұлғаның пайдалануына немесе басқаруына берілмей жүзеге асырылмақ.
Меніңше, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтіріп, заңды белшесінен басып жүрген мұндай көліктерді заңдастыруға бір жыл жеткілікті. Мемлекет басшысының бұл шешімін құптаймын. Елде қазір 200 мыңға жуық шетелдік көлік жүр әрі көпшілігі тіркелмеген көрінеді. Заңға бағыну керек. Бұдан бөлек, жүргізушінің көлікте орналасуы да біздің мемлекеттегі жол жүру ережесіне тиімді емес. Сырттан көлік алдыратындар осыны ескерген жөн секілді.
Ғазиз ЖАМБЫЛҰЛЫ,
Сырдария ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |