« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан орталығынан 110 шақырым жерде орналасқан Шәкен ауылдық округінде өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы тұрғындар алдында есеп берді.
2019 жыл Қазалы ауданы үшін табысты жыл болды. Осы жылы көптен арман болған Сырдария өзеніндегі «Әлсейіт» көпірі пайдалануға берілді.
Ауданда тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты ауқымды жұмыстар атқарылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағында 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй салынып, халыққа берілді. Пәтердің кілттерін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов тұрғындарға өзі табыстады.
Көптеген аудандық маңыздағы және елді мекенішілік жолдар жөнделді.
№134 мектепте өткен кездесуде Шәкен ауылдық округінің әкімі Тимур Кималов пен учаскелік полиция инспекторы Тілеу Қалияшовтың жыл көлемінде атқарған жұмыстары жөніндегі есептері тыңдалды.
Жыл көлемінде атқарылған жұмыстармен жан-жақты танысқан тұрғындар өздерін толғандырған ұсыныстарын да жеткізді. Шәкендіктер елді мекенге жол салу, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, интернет, ауылдағы дәрігерлік амбулаторияны фельдшерлік акушерлік пункті санатына ауыстырмау мүмкіндігін қарастыру сияқты ұсыныс айтты.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Шәкен ауылына жол салу, ауыз су әкелу сияқты мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты. Дәрігерлік амбулатория фельдшерлік акушерлік пункт болғанымен, мамандар сол күйінде қалып, халыққа медициналық қызмет көрсететінін де тілге тиек етті.
Ал, интернетке байланысты «Қазақтелеком» АҚ Қазалы аудандық филиалының директоры Шамшадин Өксікбаев жауап берді.
Оның айтуынша, Шәкенге интернет Арал ауданының Тоқабай ауылынан келіп тұр. Интернеттің жылдамдығы жоғары болу үшін кезең-кезеңімен жұмыстар жасалуы қажет. Алдымен ауыл әкімімен келісе отырып, 10 үйді, одан кейін тағы да 5-10 үйден интернетке қосып отырған дұрыс. Тұрғындардың сапалы интернет желісін пайдалануы үшін бұл өте маңызды.
Сондай-ақ, Шамшадин Өксікбаев ауылға ұялы телефон желісін тартуда да оң нәтиже бар екендігін жеткізді. Қазіргі таңда мамандармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ауыл әкімі қажетті қондырғыларды орнату үшін ыңғайлы жерді белгілеп берсе, жылдың аяғына дейін шәкендіктер ұялы телефонмен сөйлесе алады деген қуанышты жаңалықпен бөлісті.
Есепті кездесуден кейін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |