Қызылордада мақта тиелген жүк көлігі өртенді

 Қызылордалық өрт сөндірушілер кеше мақта тиелген «Renault Magnum» маркалы жүк көлігін тілсіз жаудан құтқарып қалды, - деп хабарлады облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінен.

22 қаңтар күні кешкілік «112» құтқару қызметіне халықаралық Батыс Қытай-Батыс Еуропа күрежолы бойындағы саяжай маңында Қырғызстаннан Мәскеуге бет алған көлікте престелген мақта жанып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер соның тең жартысын сақтап қалды.

«Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығын анықталуда», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар халықаралық жолда былтыр темір тұлпардың өртену жағдайлары көп тіркелгенін айтып дабыл қағып отыр. Оның басым бөлігі – транзиттік автокөліктер. Мамандар тілсіз жау негізінен қауіпсіздің ережелерінің сақталмауынан болады деп есептейді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 444 0