Сырдария суы көтерілуі мүмкін

«Қазгидромет» мекемесінің мәлімдеуінше, алдағы үш күнде Шығыс Қазақстан мен Алматы облысында өзен суы көтерілуі мүмкін.
Қызылорда облысындағы Сырдарияның да арнасынан асу қаупі бар. Бұл аймақтарда қалыпты ауа райының әсерінен су бетіндегі мұздар еріп, өзен-судың деңгейі қалыпты мөлшерден жоғарлайды. Осыған байланысты азаматтық қорғау бөлімі сақтық шараларына көшті. Жергілікті мекендердегі гидрологиялық жағдай толықтай бақылауға алынды. Төтенше жағдайлар комитеті адамдарды сақ болуға шақырады. Мамандар қандай да бір оқыс оқиға болса, 112 бірыңғай құтқару желісіне хабарласуды сұрайды. 

https://24.kz/
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 325 0