Абайды шетелде танытқандар

Қытайда Абайдың шығармаларын танытуға Ха Хуан Жан (Хабай) көп еңбек еткен. Ол Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласына жақын қазақтар ауылында туған. Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақ тілін жетік меңгерген. Абайды бала күнінен жаттап өскен.

Ол 1950 жылы Абайдың "Ескендір" поэмасын, ал 1958 жылы "Масғұт" поэмасын ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. Жалпы, Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөзін түгел аударған. "Абай және Абай шығармалары" деген үш кітабын да Пекинде бастырған.

Абайдың өлеңдерін грузин тілінде - Ш.Мчедлишвили, қарақалпақ тілінде - Ш.Сеитова, қырғыз тілінде - А.Токомбаева, татар тілінде - М.Максуд және Н.Арсланов, француз тілінде - Ғалымжан Мұқанов, ағылшын тілінде - А.Самохмалов, түрікмен тілінде - А.Хайидова, Т.Қасымова, П.Искакова және ұйғыр тілінде М.Хамраева сөйлеткен.

                                                                           sputniknews.kz сайтынан

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 521 0