Аймақта экология департаменті жанынан “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жоба жетекшісі болып “Эко қамқор болашақ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ыбырайхан Мұсабаев сайланды.
– Жобалық кеңсенің барлық өңірде филиалы ашылып жатыр. Басты мақсат – мемлекеттік орган қызметінде жемқорлыққа қарсы заманауи стандарттарды енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою. Сондай-ақ, қоршаған орта саласындағы мәселелерді шешуге бағытталады, – деді “Ақмешіт адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделіне айналған жобада тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандар жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта әр сала бойынша да осындай кеңселік жобалар құрылмақ.
– Мұндай кеңсе жер-жерде ашылып отыр. Біздің өңірде де маңызы
зор. Себебі, экологиялық аймақ болғандықтан, бұл тұрғыда түйіні шешілмеген түйткілді мәселе жетерлік. Оны жан-жақты зерттеп, шешімін табу, облысты таза аймаққа айналдыру біздің міндетіміз, – деді жобалық кеңсе басшысы Ы.Мұсабаев.
“СБ” ақпарат.