Қызылордада 31 жүргізуші мас күйінде ұсталды

Жыл басынан бері қызылордалық патрульдік полицейлер 2 478-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолын кесті. Соның ішінде 31 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстарын жүргізуде. Мас күйінде көлік жүргізу фактілері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, материалдары сотқа жолдады. Енді жүргізушілер басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
14 қаңтар күні сағат таң алдында Саламатов және Рысқұлов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері ереже бұзған «Toyota Camry» автокөлігін анықтады. Көп ұзамай көлік тоқтатылды, оны басқарып отырған облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкері алкогольдің өткір иісін сезген. Сараптама нәтижесі мұны растады.
ҚР ӘҚБТК-нің 608 бабының 1-бөлігіне сай әкімшілік хаттама толтырылып, іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Тәртіп бұзушыға қатысты қалалық сот 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдады.
Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің "танымал" тәртіпбұзушылықтары қатарында қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың 598, жүру кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесудің 311, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің 88, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 11 дерегін анықтады.
Полицейлер жүргізушілерді аса жауапты болуға және ішімдік ішкеннен кейін автокөлікті басқару мүмкіндігі туралы ойланбауға, сондай-ақ, осының салдары туралы есте сақтауға шақырады. Мас күйдегі жүргізушінің рульге отырғанына куә болған жағдайда дереу «102» қызметіне хабарлауды сұрайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 295 0