Патрульдік полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тас жолында Арал ауданы тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы салонында ерекше иісі бар тәріздес шөп салынған 2 дана полиэтилен пакеті және газетке оралған ерекше иісі бар шөпке ұқсас зат алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.
Автокөлік жүргізушісі 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны болып шықты.
Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі