Қызылорда. Қала бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды Бұл жөнінде қала әкімдігінде өткен мәжілісте қалалық қаржы бөлімінің басшысы Айдарбек Жұматов хабарлады.
Қала бюджетінің кіріс бөлігі (жоспар 25918,5 млн. теңге) 27780,1 млн.теңгеге (107,2 пайызға) орындалып, қала бюджетіне 1861,5 млн.теңге артығымен түскен. Оның ішінде қаланың 5820,3 млн.теңге өз кірістері жоспары, 7681,5 млн.теңгеге немесе 132 пайызға орындалған. Жоғары бюджеттен түсетін 18782,5 млн. теңге трансферттер түсімдері 100 пайыз түскен. Жоғары бюджеттен берілетін қарыздар түсімдері 100 пайызға орындалып, 1315,7 млн.теңге түскен. Халық қажеттілігі үшін бюджет қаражатының тиімді, өз мақсатына жұмсалуына әр мекеменің бірінші басшысының тікелей жауапкершілікте болатындығын баса айтқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына қаржының уақытылы әрі сапалы игерілуін қатаң тапсырды.