« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биылдан бастап медициналық көмек алудың жаңа жүйесі өз жұмысын бастағаны белгілі. Оның қыр-сырына қанықпаған тұрғындар үшін ақпараттандыру жұмыстарын жалғастырудың маңызы зор. Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, биылғы 1 қаңтарда жоспарланған 113147 адамның 90644-і өзектендіріліп, 80,1 процентке жетсе, өзектендірілмегендер саны 22503 адамды құрап отыр. Ал республика көлемінде 770 мың адам емханаға тіркелмеген болса, біздің облыста бұл көрсеткіш – 24110. Бұл облыс тұрғындарының 3,1 процентін құрайды.
– Өзектендірілмеген тұрғындар медициналық көмекке жүгінген жағдайда өзектендіру сол мезетте жүргізіледі. Сонымен қатар, осы жылдың бірінші тоқсанда еліміздің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі де, медициналық көмектің барлық түріне қолжетімділік болады. Ал 1 сәуірден бастап өзектендірілмеген тұрғындар сақтандыру пакетіндегі медициналық көмекке жүгінген жағдайда өзектендіріліп, статусына қарай жыл басынан бастап аударуға тиіс жарна мөлшерін «KaspiBank» және «касса 24» терминалдары арқылы аударып, қажетті көмегін ала алады. Бүгінде медициналық ұйымдарына терминалдарды орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді басқарма басшысы.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен былтырғы жылдың аяғына дейінгі аралықта облыс тұрғындары сақтандыру қорына 7,1 млрд теңге аударған. Бүгінгі күні аймақ халқының 86,6 проценті шартты түрде сақтандырылған.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы директорының айтуынша, аймақ халқының жалпы саны 802,3 мың адамды құрайды. Оның ішінде 471 мыңы, яғни, 58,8 проценті 15 жеңілдік санатына жатады.
– Қазіргі уақытта медициналық көмек түрлері орналастырылып, медициналық қызметтерді сатып алу шарасы аяқталды. Жаңа жүйені енгізумен бірге медициналық көмек ауқымының 20 процентке ұлғаюына орай, биыл облыс денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 55156489 мың теңгені құрап отыр. Оның 74 процентін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі құраса, 26 проценті МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет үлесінде. Сондай-ақ, амбулаторлық-емханалық көмектің қаржыландыру көлемі де биыл 12 процентке артты. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басым қаржысы аурудың алдын алу шараларына бағытталды, – деп атап өтті филиал директоры.
Айта кету керек, биылғы консультациялық-диагностикалық көмектің 1 млн теңгеден астамы облыстағы 7 КТ және 4 МРТ аппараттарына жоспарланған. Бұл дегеніміз – сақтандыру аясында науқастың аталған қымбат қондырғыларға тегін жүгінуге мүмкіндігі бар екенін білдіреді.
Осы орайда мамандар емханаға тіркелмеген, өзектендірілмеген, мәртебесі нақтыланбаған азаматтарды алдағы үш ай ішінде емханаға тіркеліп, өз мәртебесін анықтауға, өзектендіріліп, жарнасын төлеуге шақырады. Олай болмаған жағдайда уақытылы төленбеген жарна үшін өсімпұл төленетінін және қажетті тегін медициналық көмекті ала алмайтынын ескертеді.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |