Зообақтар жабылуы мүмкін

Болгарияда зообақтардың жұмысы мүлдем тоқтатылуы мүмкін. Қазір жануарлар жанашырлары осы мақсатта арнайы жоба әзірлеп жатыр. Жуырда ол Парламент қарауына жіберілмек.

Бұл бастаманы депутат­тардың қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз. Десе де, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана дәл осы қоғам белсенділері жа­нуарларды цирктен аластату туралы заңның қабылдануына ерекше атсалысқан еді. Осылайша, Болгария Еуропада төрт­аяқтылардың қойы­лымынан бас тартқан тұңғыш ел атанды.

Жалпы бұл елде аңдарды таяқтың күшімен үйретуге тыйым салу туралы әңгімелер алғаш рет 2000 жылдардың басында айтыла бастады. Алайда, волонтерлардың бұл талабына билік тек 2006 жылы ғана құлақ асты. Сөйтіп, тағы 2 жылдан кейін депутаттар жан-жануарға жанашырлық танытқандардың үдесінен шығудың амалын та­уып, жаңа заң қабылдады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2020 г. 243 0