Жолаушыларға ақшасын қайтармай жатыр: Bek Air рейстері 24 қаңтарға дейін тоқтатылды

Bek Air компаниясы 2020 жылдың 24 қаңтарына дейін жоспарланған рейстердің жойылатыны туралы хабарлады.

«Біз сізге 2020 жылдың 24 қаңтарына дейін жоспарланған рейстердің тоқтатылғандығы туралы хабарлаймыз. Қазіргі уақытта техникалық қиындықтарға байланысты қайтаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда қаражатты қайтару бойынша барлық міндеттемелер орындалады», - деді әуе компаниясы.

Билеттердің толық қайтарылуы үшін сатып алу орнына хабарласыңыз.

Егер сайтта билеттер сатып алынған болса, callcenter@bekair.aero электрондық поштасына төлемді қайтаруды сұрау керек.

Бұған дейін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Бек Эйрден тағайындалған кодты алып тастаған болатын.

Bek Air компаниясы ұшағының апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Ұшу кезінде ұшақ бірнеше рет еңкейіп, ұшу-қону жолағының аумағынан шығып, бетон қоршауды сындырып, жеке үйге құлап түсті.

Апат 12 адамның өмірін қиды. Тағы 52 адам ауруханаға жатқызылды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2020 г. 344 0