Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады - Қазгидромет

Қазгидромет 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанға Атлант мұхитынан ауа массаларының жылжуына байланысты республиканың бірқатар облысында жоғары аномалды ауа температурасын сақталады.
«Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен көктайғақтың болуына алып келуі мүмкін», - делінген хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2020 г. 304 0