Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Энергетика министрлігінің ресми өкілі болып Серікжан Ерментаев тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 қаңтардан бастап министрдің кеңесшісі - Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметіне Серікжан Ерментаев келді», - делінген хабарламада.
 Серікжан Ерментаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста тәжірибесі бар. Квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда болған. Бұған дейін Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметін басқарған. Бұған дейінгі ресми өкіл - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбек президенттік кадрлар резервіне кіріп, басқа жұмысқа ауысып жатыр.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2020 г. 336 0