«Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы Заңға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттар мен заң консультанттары сапасыз заң көмегін көрсеткен жағдайда азаматтарға келтірілген зиянды өтеуге мүмкіндік беретін өзінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасау міндеті енгізілген.
Аталған заңның 23-бабының 19, 20-тармақтарына сәйкес, уәкілетті орган Ұлттық Банкпен келісу бойынша адвокаттардың және заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді.
Заңның аталған бабының ережелерін жүзеге асыру барысында 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Әділет Министрінің бұйрығымен адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігінің сақтандыру шартының үлгілік шарттары бекітілді.
Заңның 33 бабының 7-бөлімінің 7-тармақшасына және 76-бабының 4-бөлімінің 8-тармақшасына сәйкес клиенттің талап етуі бойынша адвокаттың және заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға міндетті.
Адвокат және заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті.
Адвокат және заң консультанты кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Айгүл Қосбергенова,
облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы